жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.

Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады. 

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдылығы артып, халықтар арасындағы байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.

Чунгвон Чоу қонақжайлық танытып, Қазақстанда таеквондоның дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 

Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар