Алматыда жатақханадан орын таппаған студент не істеуі керек
- авторБақытжан Бекболат
- 12 тамыз, 2025
- 589
Алматыдағы жоғары оқу орындарында жатақхана тапшылығы әлі де бар. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, елдің басқа өңірлерінде бұл мәселе шешілгенімен, Алматыда шамамен 10 мың төсек-орын жетіспейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің сөзінше, басқа өңірлерде мәселе толық шешілген. Ал Алматыда бірінші кезекте жатақхана бірінші курс студенттеріне беріледі.
— Үш жыл бұрын тапшылық 87 мың орын болатын, қазір оны 10 мыңға дейін азайттық, – деді ол.
Жатақханаға орналаса алмаған студенттер Алматыдағы ситуациялық орталыққа хабарласа алады:
+7 (700) 255-14-43
+7 (700) 950-95-28
+7 (727) 237-01-70
Бұл орталық басқа ЖОО жатақханаларындағы бос орындарға бағыттайды. Ал қиын жағдайда қалғандар үшін кризистік орталықта бес төсек-орын қарастырылған. Мысалы, түнде келген студент жатақханаға кіре алмаса, бір түнге сонда орналастырылады, таңертеңнен бастап орын іздеуге мүмкіндік алады.






