бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 10:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Үкіметке туризм саласын дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке туризм саласын дамытуды тапсырды
Сурет: Ақорда
Президенттің сөзінше, туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін береді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризм саласында дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

«Келесі кезек күттірмейтін мәселе. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр.Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет. Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек. Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты сондай жағдай болғанын білесіздер»,-деді Президент.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдеріне іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс екенін шегелеп айтты.

«Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты»,- деді Тоқаев.

 

 

 

 

 

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар