Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
- авторИндира Тәліпқызы
- 24 қаңтар, 2025
- 37
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылы Ұлттық банк маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Инфляция деңгейі 8,6%-ды құрап, болжам шегінде сақталды. Ұлттық қордың табысы 7,5%-ға артып, 4,5 миллиард долларды құрады. Алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4%-ға өсті. Зейнетақы қорының инвестициялық табысы 3,4 триллион теңгені құрап, инфляциядан екі есе асып түсті (17,8%).
Ұлттық банк инфляцияны 5%-ға дейін төмендету үшін бағаны тұрақтандыру және ақша-кредит саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және теңгенің тұрақтылығын нығайту шаралары жүргізілуде.
Қаржы нарығындағы тұрақтылық пен депозиттердің өсімі байқалады. Сондай-ақ макропруденциялық саясаттың тиімділігін арттыру және цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту салаларында оң өзгерістер болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тежеу, қаржы тұрақтылығын сақтау және макроэкономикалық саясатты үйлестіру бойынша Ұлттық банк пен Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 24 қаңтар, 2025