сенбі, 26 сәуір, 2025 23:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Заң шығару жұмысы

Сессия басталғалы бері:
62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған;
Президент 55 заңға қол қойған. 

Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.

Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:

Салық, Құрылыс кодекстері; 
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 Мемлекет басшысына AMANAT партиясының «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. 

Сонымен қатар Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. 
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар