бейсенбі, 24 сәуір, 2025 22:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорынның іргетасы қаланды

Шу ауданында жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорынның іргетасы қаланды
Фото: Jambylinfo.kz
Өндіріс толығымен іске қосылғанда 1 млн тонна жүгеріні өңдеуге қауқары болады.

Шу ауданында ауылшаруашылық өнімін оның ішінде жүгеріні түбегейлі өңдеуге бейімделген Fufeng Group компаниясы іске қосылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

1999 жылы іргетасы қаланған осынау кәсіпорын осыдан он сегіз жыл бұрын Гонконг қаржы биржасына шықса, бүгінде әлем бойынша қызметкерлер саны 20 мыңнан асады. 

Облыс әкімі өнімдері жүзден аса елдерде қолданылатын компания тек Шу өңірінің ғана емес, тұтастай еліміздің экономикасын көтеруге оң септігін тигізетінін жеткізді. 

Атап өтейік, дәл осы жүгеріні терең өңдейтін зауыты Орталық Азияда теңдесі жоқ деп есептеледі. Құны 800 млн долларды құрайтын ірі жобаның аумағы 400 га алып жатыр. 

Сонымен қатар, 1500 адам жұмыс орнымен қамтылады деп көзделуде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар