Аурудың өзінен бұрын анықтамасы шаршататын күндер өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2025
- 627

Қазіргі таңда медициналық қызметке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі сынақтан өткізілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, барлық азаматтарға қатысты маңызды ақпараттарды біріктіретін Медициналық деректердің бірыңғай базасы құрылды. Бұл жүйе дәрігерлерге науқас жайлы толық мәліметті жылдам алуға мүмкіндік береді.
Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы таңбалау және бақылау тетіктері енгізілген. Сондай-ақ, «Әлеуметтік әмиян» арқылы 1,7 миллионнан астам электронды рецепт негізінде дәрі-дәрмек берілді. Енді бұл қызмет барлық мемлекеттік медицина ұйымдарын қамтитын болады.
Медициналық құжаттар да біртіндеп электронды форматқа көшуде. Атап айтқанда, еңбекке жарамсыздық парағы, түрлі анықтамалар мен медициналық кітапшалар цифрлы нұсқада рәсімделе бастады. Бұл пациенттер мен медицина мамандарының уақытын үнемдеуге сеп.
Жалпы алғанда, жаңа ауруханалардың құрылысынан бастап, цифрлық шешімдерге дейінгі кешенді шаралар денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан нақты істердің нәтижесі.