Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 наурыз, 2025
- 996
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026






