сейсенбі, 1 сәуір, 2025 22:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ОДКБ: Украинадағы жағдай шиеленісе түссе, көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылады

ОДКБ: Украинадағы жағдай шиеленісе түссе, көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылады
Фото: ҰҚШҰ сайтынан
Украина аумағына Еуропа әскері енген жағдайда, ОДКБ елдері Ресейге көмек көрсету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ОДКБ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Известия басылымына берген сұхбатында Украина аумағына Еуропа әскері енген жағдайда, ОДКБ елдері Ресейге көмек көрсету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Мұндай жағдайда, ұйымның жарғылық құжаттарына сәйкес, ОДКБ-ға мүше мемлекеттер келісілген көмектің түрлі нұсқаларын ұсынуға дайын", – деді ол.

ОДКБ-ның баспасөз хатшысы Наталья Харитонова бұл мәлімдемеге түсініктеме беріп, Украинадағы Батыс әскерінің қатысуы аймақтағы жағдайды одан әрі күрделендіріп, жаңа қауіптер туғызуы мүмкін екенін айтты.

"ОДКБ көмек сұраған мемлекетке түрлі қолдау көрсету механизмдерін қарастырады. Алайда мұндай әрекеттер тек ұйымға мүше елдің ресми өтініші негізінде және ұжымдық шешім қабылданған жағдайда ғана жүзеге асады", – деп түсіндірді Харитонова.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар