дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 19:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Милад Карими Дохадағы Әлем кубогында қос алтын медаль иеленді

Милад Карими Дохадағы Әлем кубогында қос алтын медаль иеленді
olympic.kz
Бұл - оның осы жарыстағы екінші алтын медалі

Милад Карими Дохада (Қатар) өтіп жатқан гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде тағы да алтыннан алқа тақты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

19 сәуір күні өткен кермедегі жаттығулар финалында Милад тамаша өнер көрсетіп, 14.500 ұпаймен топ жарды. Одан сәл ғана қалып қойған тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 ұпаймен күміс жүлдені еншілесе, үшінші орын қытайлық Ци Танға бұйырды – оның көрсеткіші 14.000 ұпай.

Бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында да алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ол осы кезеңді қос бірдей алтынмен аяқтады.

Жалпы, Қазақстан құрамасы жарысты төрт жүлдемен қорытындылады. Финалдың алғашқы күнінде Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында қола медаль жеңіп алса, Алтынхан Темірбек еркін жаттығуларда күміске қол жеткізді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар