жұма, 14 ақпан, 2025 12:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Миллиардер Вячеслав Ким Jusan Bankті сатып алмақшы

Миллиардер Вячеслав Ким Jusan Bankті сатып алмақшы
Фото: Сергей Александров
Kaspi.kz компаниясының ортақ иесі Вячеслав Ким Jusan Bank-тің шамамен 100 пайыз қарапайым акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр

Бұл мәміле іске асатын болса, Вячеслав Ким банкке бақылау жасай алатын болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Вячеслав Ким – Қазақстандағы ірі бизнесмендердің бірі және Kaspi.kz финтех-компаниясының негізін қалаушы. Ол еліміздегі қаржы саласында маңызды рөл атқарып келеді. Kaspi.kz компаниясы Қазақстандағы ең ірі финтех-компаниялар қатарына кіреді, ал Кимнің басқаруындағы компания цифрлық банкинг және қаржылық қызметтер саласында жетекші орынға ие.

2024 жылы Forbes Kazakhstan журналы оны елдегі ең бай бизнесмен ретінде танып, оның байлығын 5,8 миллиард АҚШ долларына бағалады. 

2013 жылдан бастап Вячеслав Ким Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметін атқарып, спорттың дамуына өз үлесін қосты. 2024 жылдың тамыз айында ол бұл қызметтен кететінін мәлімдеді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар