Енді азаматтарға құқықтық кеңес беруге жасанды интеллект енгізіледі
- авторМағжан Орынбасар
- 5 ақпан, 2025
- 457

Әділет министрлігінің өкілі азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін ЖИ енгізілгенін айтты,- деп хабарлайды jambylinfo.kz
ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков атап өткендей, заң шығару саласына жасанды интеллектті енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан университеттерімен жұмыс тобы құрылған. Сонымен қатар, бизнес-ортамен ынтымақтастық орнатылуда.
Қазіргі уақытта Е-Zan Komegi мобильді қосымшасында азаматтардың сұрақтарына 24/7 жауап беретін чат-бот әзірленіп жатыр.
«Біздің мақсатымыз – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Мысалы, келесі айда Политехпен бірге заң клиникаларын ашамыз. Біз жасанды интеллекттің, мобильді қосымшалардың көмегімен қандай да бір жағдайда не істеу керектігі туралы сұрақтарға жауап азаматтың телефонында 24/7 болғанын қамтамасыз етуіміз керек», - деді спикер.
Миллиардер Вячеслав Ким Jusan Bankті сатып алмақшы
Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда дәрігерге жасалған шабуыл: күдікті екі айға қамауға алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 шілде, 2025
Есірткімен күрес күшейді: ІІМ жарты жылдық қорытындыны жариялады
- авторАрайлы Жақсылық
- 18 шілде, 2025