жексенбі, 9 ақпан, 2025 10:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлытауда 1,4 млрд теңгеге 80 орындық мектеп салынады

Ұлытауда 1,4 млрд теңгеге 80 орындық мектеп салынады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ұлытау облысының Қаражал қаласында жаңа мектептің құрылысына қаржы бөлді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Арнаулы мемлекеттік қордан қарастырылған 1,4 млрд теңгеден астам қаражат 80 орындық білім ордасын салуға жұмсалады.

Жаңа мектеп «Вокзал» шағын ауданында бой көтереді. Қазіргі уақытта осы аудандағы балалар қаладағы өзге мектептерде оқуға мәжбүр. Олар білім алу үшін автобуспен екі ауысымда қатынап жүр. Жаңа оқу орнының ашылуы балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, олардың сапалы оқу мүмкіндігін арттырады.

Жалпы, Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына 56,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Аталған қаражатқа Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана мен Ақтөбе және Петропавл қалаларындағы екі балабақша салынуда.

Сонымен қатар, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң аясында қайтарылған қаражат есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшыларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Үкіметтің бұл қадамдары елдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар