Шаруаларға жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін шілде-тамыз айларына 366 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Дизель отынының бағасы нарық бағасынан 18 пайызға төмен бағада өткерілген.
– Жиын-терін жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Бұдан бөлек, жұмыс барысында қысқы мал азығын артығымен дайындауды жоспарлаған бірқатар шаруашылықтар жоңышқа алқаптарынан екі-үш рет өнім алу үшін қам жасауда. Осы жылдың өнімі үшін 24 235 гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары себілген болатын. Оның 4 360 гектарын күздік, 225 гектарын жаздық бидай алқабы құраса, арпа 7 176 гектарға орналастырылды. Бүгінгі күні 3 200 гектар алқаптың бидайы жиналып, жоспар 69,8 пайызды құраған. Күнделікті орылып отырған егістік көлемі – 250 гектар. Орташа түсім гектарына 17 центнер, – дейді Қайрат Аманов.
Ал, 7 176 гектарға орналастырылған арпаның 6 080 гектары орылған. Яғни, жоспар 84,7 пайызды құрап отыр. Күндік норма 450 гектар алқаптың дәнін жинау болса, оның әрбір гектарынан түскен өнім 17,5 центнерді құрауда.
Бұдан бөлек, осы жылдың өнімі үшін мақсары – 4 540, көпжылдық шөп – 6 954, картоп – 16, көкөніс – 114, бақша дақылдары 95 гектарға орналастырылған. Ауданның шаруа қожалықтары сепкен егіннің жалпы көлемі 11 731 гектар болатын болса, оның 300 гектары Игілік, Жаңаталап және Жайылма ауылдық округтерінде орналасқан. Ал, қалғаны Түркістан ауылдық округіне тиесілі.
– Егін орағы ауданда шілде айының ортасынан басталды. Бүгінгі таңда жалпы масақты дәнді дақылдардың 6300 гектары орылып, қамбаға құйылды. Бүгінге жалпы алынған өнім көлемі 10 мың тоннадан асты. Масақты дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық. «Береке көзі – бірлікте» деген. Жалпы, тындырымды тірліктің бәрі бірліктің арқасында жүзеге асуда. Қалай айтсақ та, піскен егінді уақтылы орып, босқа ысырап етпеу және қалың шыққан шөптен кейінгі жылдарға қор жинап алу – басты міндет. Көзді ашып жұмғанша жаз айы ертең-ақ өте шығады. Жазда қапысыз қамданғанның қыстан қысылмай шығатынын жақсы білетін шаруалардың еселі еңбегі ырысын арттыра түсері анық, – дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Молдабеков.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Өндірісті өлкеде – тың жобалар
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024