"Мопед екі адамның өмірін жалмады": Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып, салдарынан екеуі де көз жұмды
- авторjambylinfo.kz
- 30 маусым, 2024
- 493
Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Алматы полиция департаменті
хабарлағандай, бүгін сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған Қазақстан азаматы. Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де мопед жүргізушісі мен жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз