Жаңалықтар
Қырғызстандағы тасқын салдарынан жоғалып кеткен қазақстандық тағы екі баланың денесі табылды
- авторjambylinfo.kz
- 30 маусым, 2024
- 647
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабы ақпаратына сәйкес сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен екі Қазақстан азаматының денесі табылған, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделделтілген режимде құжаттар рәсімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.
Жаңа арада Қазақстан төтенше жағдайдар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық төрт баланың денесі елге жеткізілетін болады.
Еске салайық, Қырғызстанда тасқыннан сегіз адам опат болды, оның төртеуі– қазақстандық балалар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024