ӘМСҚ Меркі аудандық ауруханасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 сәуір, 2025
- 242

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) Меркі көпбейінді орталық аудандық ауруханасы медицина қызметкерлерінің өтініміне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылы Қор мен аталған аурухана арасында 5,15 млрд теңгеге медициналық қызметтер көрсету жөнінде келісім жасалған. Қордың мәліметінше, соңғы алты айдағы төлемдер келісімшартқа сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп отырған. Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсанында да шарттық міндеттемелер толық орындалған.
2025 жылға арналған келісім бойынша ауруханаға 4,69 млрд теңге бөлініп, соның ішінде 1,3 млрд теңгеден астам қаржы төленген. Атап айтқанда, қаңтарда – 675 млн, наурызда – 327 млн, сәуір айында – 335 млн теңге аударылған.
Сондай-ақ, Қор өкілдері зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарға қатысты сұрақтардың олардың құзыретіне кірмейтінін, бұл мәселелер медициналық ұйымның ішкі басқаруына қатысты екен атап өткен.