ҚР Президентінің кеңесшісі Жамбылдағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 14 сәуір, 2025
- 222
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысындағы мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік сала өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиында облыс әкімі баяндама жасап, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Маңызды басқосуда мәдениет саласының қызметкерлері облыста қолға алынып жатқан жаңа жобалар жөнінде сөз қозғап, ой-ұсыныстарын да жеткізді.
Басқосуда Мәлік Отарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына да ерекше тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жиында арнайы баяндамалар тыңдалып, Призидент кеңесшісі бірқатар сауалдардың оң шешімін табу жолдарын ортаға салды.