Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 сәуір, 2025
- 198

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасы талқыланды. Cондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті;
Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады;
Отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігіне назар аударды;
Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.
Майкл Уирт:
Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді;
«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.