дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманы – ұл»: Роза Әлқожа ҚР Халық әртісі туралы ой толғады

«Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманы – ұл»: Роза Әлқожа ҚР Халық әртісі туралы ой толғады
Сурет ашық дерекөзден алынды
Сазгер, әнші Роза Әлқожа Қазақстан Республикасының Халық әртісінің қал-жағдайын сұрап барды

Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Биыл сахна саңлағының сахна төрінде жүргеніне 70 жыл. Өзі 87 жасқа  келіпті.

"Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?!Аға «жер үй сатып алсам» деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен. Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой. Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұл болыпты. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді. Жас жеңгеміз де эконың бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?!  Алла маңдайға берген болса бәрі де болар ия?! –деп жазба қалдырыпты эстрада жұлдызы.

Талайға ой тастаған бұл жазба, оқырмандарын да бей-жай қалдырмады. Барлығы бір ауыздан ағеділ ағаның арманын орындауға асық ниетпен ақжарма тілегін ақтарды.

«Барлығы Алладан», «Алла перзент бере гөр», «Атұстар дүниеге келсе, шіркін?!» деп жазды пікір білдірушілер.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар