жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қарасора-2024»: жамбылдық жігіт жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды

«Қарасора-2024»: жамбылдық жігіт жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды
Сурет: ОПД
Нәтижесінде жалпы салмағы 61 келі 700 гр марихуана тәркіленген

Жамбыл облысының Меркі ауданында жабайы қарасора жинау кезінде полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес барлығы 39 келі 700 гр «кептірілген марихуана», 22 келі «кептірілмеген марихуана» (жалпы салмағы 61 келі 700 гр) тәркіленген.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.                                 

- Күдікті түнде сағат 23:50-де ұсталды. Есірткі сатушылар түнде жұмыс істейді. Сол себепті, біз де тоқтаусыз режимде жұмыс істейміз. Әсіресе, қарасораның қаулап өсіп тұрған кезеңінде демалыс жоқ. Күдіктіге қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. 

.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар