Жаңалықтар
Нұрлан Оразбаев "Барыс" бас директоры қызметінен кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 сәуір, 2025
- 634
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады
Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында Иванищев Борис Анатольевичтың орнына тағайындалған болатын. Оның алғашқы шешімдерінің бірі — команданың сол кездегі барлық солтүстікамерикалық ойыншыларымен келісімшартты бұзу болды.
Айта кетейік, «Барыс» биылғы маусымды өте сәтсіз аяқтады — команда Шығыс конференциясында 68 матчта 35 ұпай жинап, 12-орынға табан тіреді. Бұл — клуб тарихындағы ең нашар нәтиже.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






