дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 1:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанадағы жатақханада болған ірі өрттен 50 адам эвакуацияланды

Астанадағы жатақханада болған ірі өрттен 50 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанадағы жатақханалардың бірінде ірі өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ертеңгісін Сарыарқа ауданындағы Бұланты көшесінде орналасқан алты қабатты, мансардалы жатақханадан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын жоғарғы, мансардалық қабаттан тұтанғанын анықтады. Ғимараттан 50 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ – 1600 шаршы метр. Қазір оқиға орнында өрттің себебін анықтау үшін арнайы зерттеу зертханасы мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеуде.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар