дүйсенбі, 22 сәуір, 2024 9:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Наурыз айындағы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болды

Наурыз айындағы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болды
Jambylinfo.kz
8 наурызды мерекелеуге байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  мемлекеттік корпорацияның ресми сайтына сілтеме жасап

Жауаптылардың мәлімдеуінше, наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар