бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанайда 63,1 млн. теңге сомасына өндіріп алынбаған 3,2 мың айыппұл сот орындаушыларына жіберілді

Қостанайда 63,1 млн. теңге сомасына өндіріп алынбаған 3,2 мың айыппұл сот орындаушыларына жіберілді
Көрнекі фото
Қостанай прокурорлары әкімшілік айыппұлдарды нақты өндіріп алуды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  облыстық прокуратураға сілтеме жасап

Қостанай облысының прокуратурасымен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі бойынша ішкі істер органдарының қызметіне талдау жасалған.

Талдау барысында 63,1 млн. теңге сомасына өндіріп алынбаған 3,2 мың айыппұл белгіленді, олар бойынша жұмыс орны көрсетілгеніне қарамастан, айыппұл салу туралы қаулы құқық бұзушы жұмыс істейтін ұйымға емес, тікелей сот орындаушыларына жіберілген.

Прокуратура келтірген дерекке сүйенсек, мәжбүрлеп орындауға бағытталмаған 73 млн. теңге сомасына 3,5 мың қаулы анықталған.

- Осылайша, 136,1 млн. теңге сомасына айыппұл салу туралы 6,7 мың қаулы бойынша жолданым жасау жөнінде шаралар қабылданбады, сол арқылы жазаның бұлтартпаушылығы және құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидаттарына қауіп төнді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, қаулылар орындауға жіберіліп, лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір мезгілде азаматтарға айыппұлдарды толық көлемде уақтылы төлеу қажеттілігі туралы хабарлаймыз, өйткені оларды төлемегені үшін 50 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік не 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген,-делінген хабарламада

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар