"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 сәуір, 2025
- 242

"Отбасы банк" баспасөз қызметінің мәліметінше, "Наурыз" бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды.
"10 сәуір мен 16 мамыр аралығында өтінімдер қабылданады, оларды кез келген банк бөлімшесінде, кеңес беру орталықтарында немесе онлайн түрде беру мүмкіндігі бар. Өтінімді бергеннен кейін, тұрғын үй таңдап, рәсімдеу үшін несие мақұлданған күннен бастап алты ай уақыт беріледі. Жылжымайтын мүлікті Baspana Market платформасында қарауға болады", — деп хабарлады банк өкілдері.
Сондай-ақ, банк бір несие аясында тұрғын үйді жөндеуге қосымша қаражат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ал тізімнен өзін таппаған салымшыларға бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмыс істейтіні және депозитті тұрақты түрде толықтырып отырса, келесі іріктеулерге қатысу мүмкіндігі бар екенін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 1139-ға жетті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 сәуір, 2025