Наурыз мерекесінде ерекше танымалдылыққа ие болған AY YOLA тобы Алматыда өнер көрсетті
- авторАрайлы Жақсылық
- 1 мамыр, 2025
- 179

Концерт барысында топ хитке айналған танымал «Homay» атты әнін орындап, көрермендердің жүрегіне жол тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әуеннің терең мағынасы ұлттық рухты заманауи үнмен ұштастырып, тыңдаушыларды баурап алды. «Homay» композициясы – AY YOLA тобының кәсіби деңгейінің жоғары екенін айқын көрсететін туынды.
Алаңда ерекше атмосфера орнады. Rөрермендер тек концерттің куәсі болып қоймай, топтың жаңа шығармашылық серпінінің де куәгеріне айналды. Бұл кеш тек музыкалық қойылым ғана емес, өнер мен рухтың тоғысуы іспеттес әсер қалдырды.
AY YOLA тобы үшін бұл кештің орны бөлек: Алматыдағы бұл концерт – олардың шетелдегі алғашқы ресми өнер көрсетуі. Бұл оқиға топ тарихында жаңа парақ ашып, халықаралық деңгейдегі тыңдармандармен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.