жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бірлік жүгірісі – 2025» республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты

«Бірлік жүгірісі – 2025» республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты
Юрий Ким
Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірілігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бірлік жүгірісі» марафоны Жамбыл облысының барлық өңірінде бір мезетте өтті.

Облыс орталығы – Тараз қаласында өткен марафонда мәреден сөреге дейін табандылық танытып, сүрінбей жеткендер арасында жас ерекшелігіне қарай 16 санат бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Тараз қаласы әкімінің орынбасыры Ұлана Сламбекқызы ынтымағы жарасқан елдің тату-тәтті өмір салтының көрінісіне айналған айтулы мерекенің мән-маңызына кеңірек тоқталып, барша әлемге спорт саңлақтарымен танылған шаhар тұрғындарына шараға атсалысқандары үшін азаматтық алғысын білдірді.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға айрықша атмосфера сыйлайтын концерттік бағдарлама қамтылып, қатысушылар кәсіби мамандардан арнайы кеңес алуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын берік ұстануға үндейтін марафонда жеңіл атлетика спорт түрлерінен де жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар