Жамбыл облысында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтілді
- авторАрайлы Жақсылық
- 1 мамыр, 2025
- 279

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Жамбыл облысында жоғары деңгейде аталып өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Айтулы күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Достық» үйінде өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, қазақстандықтар арасында бірегейлік пен ынтымақтастықты арттыру, бейбітшілік пен келісімді сақтау тақырыбында пікір алмасты.
Іс-шара барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Ұлттық Құрылт ай мүше сі Лугмар Буларовты Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалуымен және жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз төртінші (ХХХІV)сессиясында 30 жыл ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
Сондай-ақ, Ассамблеяның «Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналғандығын» атап өтті.
Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекетті қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік.
Түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ пенбір тудың астынан табылып, еңселі ел, іргелі мемлекетке айналдық.
Біздің бірлігіміз еліміздің түрлісаласындағы ауқымды жаңа белестерді бағындырып, жетістікке жетуге зор септігін тигізері анық.
Ынтымағы жарасқан Жамбыл жерінде мекен ететін 87 этнос өкілі еліміздің тұрақтылығына атсалысып, өңірдің қай саласында болмасын елеулі еңбектің үлгісін көрсетуде.
Президентіміз Ассамблея қоғамдық институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсенділігіне ерекше тоқталды.
Бұл ретте, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы диалог орнатуға облысымыздағы 78 этномәденибірлестіктердің өз ықпалын тигізуде.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар»демекші ынтымағы жарасқан елдің ғана болашағы жарқын болары сөзсіз,- деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысының қатысушылары Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында алға қойған мақсат пен міндеттері, маңызды тапсырмалары жайында сөз қозғап, су тасқынына байланысты туындаған төтенше жағдайда этносаралық татулықтың маңыздылығына тоқталды.
– Жыл сайын мереке қарсаңында өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы биыл елімізде төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Осы қысылтаяң шақта халқымыз үшін бірлік пен ынтымақ ұғымының маңыздылығы айқын көрінді. Еліміздің он өңірінде орын алған су апаттарынан зардап шеккен халыққа көмек қолын созу мақсатында өңірлік этномәдени бірлестіктер мен ұйымдар қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысып, татулық пен бірліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл біздің ортақ Отанымыздың алдындағы қастерлі парызымыз, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Буларов.
Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің көрмесін және салт дәстүрлерінен қойылымдар тамашалаумен басталды. Көрмеде «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы, татар мен башқұрт, немістер мен гректер қоғамы, күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы, «Вынхуа» дүнген, «Хазар» әзербайжан, «Манас ата» қырғыз қоғамдық бірлестіктері, «Коре» корейлер қауымдастығы, М.Қашқари атындағы ұйғыр, қарашайлар мен балқарлардың «Архыз», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктері, «Днепро» украин, «Щиват Цион» еврей, өзбек, қытай, тәжік, «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталықтарының ұлттық тағамдары, этникалық киімдері, тұрмыстық бұйымдары қойылып, вокалдық өнері мен этникалық билері ұсынылды.
Сонымен қатар онда кір тасын көтеру, мас-рестлинг, армрестлинг, садақ, асық ату, ләңгі тебу және тағы басқа ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша мерекелік жиынға қатысушылар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Ал мерекелік іс-шараны облыс әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев ашып, аймақ тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ҚХА мүшелері мен ардагерлеріне, ҚХА этномәдени құрылымдарының өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарын салтанатты жағдайда тапсырды.
Сондай ақ қоғам өміріне белсене араласып жүрген еңбек адамдарына облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары да қоса табысталды. Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы, Оқушылар сарайы және тағы басқа өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.