дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 8:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Наурызда жаңа 1 000 теңгелік банкноталар айналымға шығады

Наурызда жаңа 1 000 теңгелік банкноталар айналымға шығады
Фото: Ұлттық банк
Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ұлттық банк 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа 1 000 теңгелік қағаз ақша "Сақ стилі" сериясынан тарайды.

Бұдан бөлек 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

Сонымен қатар, жиында төлем жүйелері және Ұлттық Банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар