Үнемі шаршаңқы жүруден қалай құтыламыз?
Шаршау – бұл қалыпты құбылыс. Бірақ, күнделікті шаршап жүру ағзаға да, адам өміріне кері әсерін тигізеді. Күн сайын шаршап жүргеннің әсерінен адам баласында иммунитеттің төмендеуі, инфекциялық аурулар, қажу, еріншектік, көңіл-күйдің болмауы секілді симптомдар пайда болады. Оған қоса, есте сақтаудың нашарлауы мен үнемі бас ауруы мазалайды.
Үнемі шаршап жүрудің себептері
Үнемі өзіңізді шаршаңқы сезінудің себептері көп. Бірақ, көп таралғаны бұл:
- психикалық және психологиялық мәселелер
- дәрі-дәрмектерді белгіленген мөлшерден көп пайдалану
- Ұйқының бұзылуы: егер адам жеткілікті уақыт ұйықтамаса, онда ағзаның қайта қалпына келуі нашарлап, шаршауға алып келеді.
- витамин тапшылығы
- созылмалы аурулар
- артық салмақ және тамақтанудың бұзылуы
- вирустық инфекциялар
- Шамадан тыс физикалық белсенділік немесе керісінше, қозғалыстың аздығы мен физикалық белсенділіктің болмауы
Өзіңді қалыпқа келтіру үшін
Егер сіз үнемі шаршап жүретін болсаңыз, төмендегі мамандар кеңесіне назар аударыңыз.
- Егер, түнгі ұйқыңыз қысқа болса, күндізгі уақытта кем дегенде 20-30 минут көз ілу. Бұл қалыпқа келіп, күні бойы сергек жүруіңізге көмектеседі.
- Су ішу. Себебі, ағзадағы су тапшылығы шаршауға әкеліп соғады. Ғалымдардың айтуынша, ересек адам күніне кем дегенде 2 литр су ішуі керек.
- Физикалық белсенділік. Күнделікті аз уақыт таза ауада серуендеу мен жеңіл түрде дене қозғалысы адамды сергек сезінуге ықпал жасайды.
- Дұрыс тамақтану. Құрамында витамин С кездесетін жаңғақ, көкөніс секілді өнімдерді жиі тұтыну қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстандағы еркектердің 15%-ы бедеу – уролог
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024