....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының Жамбыл облысындағы ресми серіктестері анықталды

«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының Жамбыл облысындағы ресми серіктестері анықталды
ашық дереккөзі
«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының Жамбыл облысындағы ресми серіктестері анықталды

  Қоғамда оң өзгерістерге жол ашатын жобаларды қолдауға бағытталған «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының Жамбыл облыстық серіктестері анықталды. Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында жобаға республиканың барлық аймағынан 532 үміткер жобаға қатысуға өтінім берген.Тестілеуден сәтті өткен 150 қатысушы Іріктеу комиссиясымен арнайы видеосұхбаттасудан өтіп, Байқау комиссиясының шешімімен ең үздік 30 қатысушы «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының ресми аймақтық серіктестері атанды.

Алдағы уақытта іріктелген қатысушылар, жобаның келесі маңызды кезеңі - арнайы оқыту бағдарламасына қатысатын болады. Бұл кезеңде, қатысушылар медиа, қоғамдық және жобалық қызмет саласындағы еліміздің үздік сарапшыларынан тренингтер мен шеберлік сабақтар және өз жобаларын жетілдіруге бағытталған хакатонға қатысады.Тренингті сәтті аяқтаған және өз идеясын қорғаған қатысушылар «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасы аясында өз жобаларын аймақтарда жүзеге асыру үшін шағын гранттарға ие болады.

Жобаның келесі кезеңіне өткен қатысушылар тізімі 1. Молдақашев Қуаныш (Абай облысы) 2. Айтмұқаш Алмаз (Абай облысы) 3. Мускина Маржан (Ақмола облысы) 4. Сагадиева Замира (Ақмола облысы) 5. Буркіталин Асылжан (Ақтөбе облысы) 6. Темірғалиев Рүстем (Атырау облысы) 7. Амангелдиулы Жалғас (Атырау облысы) 8. Қанабекова Тоғжан (ШҚО) 9. Берікқожа Серікбол (Жамбыл облысы) 10. Баграмова Аймира (Қарағанды облысы) 11. Кусаинова Гульзат (Қарағанды облысы) 12. Байболат Болатұлы(Қостанай облысы) 13. Мусралинова Анель (Қостанай облысы) 14. Жорабек Медет (Қызылорда облысы) 15. Көшербай Алиби (Қызылорда облысы) 16. Кусайнова Толкын (Маңғыстау облысы) 17. Нараддинов Нұрланбек (Маңғыстау облысы) 18. Хавдраш Жұлдыз (Павлодар облысы) 19. Құсан Еркін (Павлодар облысы) 20. Тұрсынов Бахытжан (СҚО) 21. Арманов Рүстем (СҚО) 22. Мадияров Еркебұлан (Түркістан облысы) 23. Саттар Айдын (Түркістан облысы) 24. Магрупжан Бексұлтан (Ұлытау облысы) 25. Махсутов Дидар (Астана қ.) 26. Нугманов Елдос (Астана қ.) 27. Жаукебаев Бек-Мухамед (Алматы қ.) 28. Тлеуова Сымбат (Алматы қ.) 29. Саранова Данара (Шымкент қ.) 30. Бораш Лаура (Шымкент қ.)
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар