Әнші Бағлан Әбдірайымов әйелдерге ренішін білдірді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2024
- 370
«Жігіттер» квартетінің мүшесі, Бағлан Әбдірайымов желіде жаңа видео жариялап, әйелдер қауымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында айтқан.
«Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана»,- деді ол.
Әншінің бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдіріп, кейбірі өнер иесінің бұл ойымен келіспейтіндіктерін жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024