бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 5:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан бері экономикалық өсім 104,5 пайызды құрады – Ербол Қарашөкеев

Жамбылда жыл басынан бері экономикалық өсім 104,5 пайызды құрады – Ербол Қарашөкеев
фото - ашық дереккөзден
Астанада Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр

Жамбылда жыл басынан бері экономикалық өсім 104,5% пайызды құрады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп жазады Jambylinfo.kz
Аймақ басшысының сөзінше, облыстағы  экономикалық өсім 104,5 пайызды құраған. 

-    Жыл басынан қысқамерзімді экономикалық өсім 104,5% деңгейінде қалыстасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі  0,8%-ға, құрылыс жұмыстары - 22,6%-ға, тұрғын үй - 3,5%-ға, сауда - 2,5%-ға, көлік - 13,6%-ға, байланыс - 8,8%-ға артты,- деді Ербол Қарашөкеев. 

Облыс экономикасындағы 19 пайыз үлес өнеркәсіп өндірісіне тиесілі. Ал, өңдеу өнеркәсібі секторының үлесі 65,4 пайыз. Облыс әкімінің сөзінше, жыл басынан бері 727,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген.

-    Химия және құрылыс индустриясы өңдеу өнеркәсібінің негізгі өсу нүктелері болып табылады. Облыста Қазақстанның жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі. Химия кәсіпорындары республика бойынша 100% фосфор, 81% минералды тыңайтқыштар шығарады.  Облыста 13 млрд. тонна қоры бар 48 фосфорит кен орны шоғырланған. Жыл басынан салада 212 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, облыс бойынша экспорт көлемінің 77%-дан астамын қамтамасыз етті,- деді әкім.

Сонымен қатар 2030 жылға қарай тыңайтқыштардың премиум маркалары мен құндылығы жоғары өнімдерді жылына 1 млн тоннаға дейін өндіру жоспарланған. Бұл жобалар аясында өңірге 1 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция тартылады.

-    Келесі перспективалық даму бағыты – құрылыс индустриясы. Саладағы өнім көлемі 48 млрд. теңгеге жетті. Облыстағы кәсіпорындар республика бойынша 87% гипс және 13% портландцемент өндіреді. Облыста 50 млн. тоннадан асатын «Үлкен-Бұрылтау» гипсінің ірі кен орны бар. «KORCEM» клинкер өндіру зауытын іске қосып, алдағы жылы жалпы облыста өндірілетін цемент көлемін  3 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін цемент өндірісін қолға алмақ. Құрылыс материалдарына сұраныстың өсуіне байланысты келесі жылы «Alit Holding» құрғақ құрылыс қоспалары өндірісін іске қосса,  ал «Кнауф Гипс Тараз» гипсокартон шығаратын зауыт құрылысын бастайтын болады. Жобаларды іске асыру өнім ассортиментінің 12 түріне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.2025 жылы инвестиция тарту есебінен өнеркәсіп өнімі көлемінің 7%-ға, өңдеу өнеркәсібі өнімі - 5,5%-ға өсуін қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібі экспорты көлемін 200 млн. АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда ,- деді аймақ басшысы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар