сәрсенбі, 27 қараша, 2024 10:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Кореяда аптап ыстық 17 адамның өмірін қиды

Оңтүстік Кореяда аптап ыстық 17 адамның өмірін қиды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда аптап ыстық 17 адамның өмірін қиды
Оңтүстік Кореяда демалыс күндері аптап ыстықтан 17 адам қайтыс болды. Олардың көбі күннің ыстығында далада жұмыс істеген егде жастағы фермерлер, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оңтүстік Коряның Ренхап агенттігіне сілтеме жасап. Аптап ыстық туралы алғашқы маусымдық ескертулер күшіне енгеннен кейін елдегі ең жоғары температура 35 Цельсий градусқа дейін көтерілді. Кореяның аурулардың алдын алу және бақылау агенттігі мен елдің өрт сөндіру күзеті қызметінің мәліметі бойынша, демалыс күндері аптап ыстықтан 17 адам мерт болған. Солтүстік Кенсан провинциясында 7 фермер қаза тапты. Кенсан провинциялық қаласында 60 жастағы азамат есінен танып, оның дене температурасы 39,2 С көрсеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, жүрегі тоқтап қалған болатын. 60 жастағы ер адам Сочхон провинциясында бейіттің шөбін жұлып жатқанда күн өтіп, қайтыс болды. Дәл сол өңірде фермер жұмыс істеп жүріп мерт болды. Оны тапқан кезде дене температурасы 41 градус болған. 80 жастағы фермер жексенбі күні Мунген қаласында жұмыс істеп жүріп есінен танып қайтыс болса, тағы бір 80 жастағы фермер Ечхон округінде мер болды. Тағы екі фермер Солтүстік Чхунчхон және Кенгида провинцияларында жұмыс істеп жүріп қаза тапты. Билік өкілдерінің сөзінше, қаза тапқан адамдардың барлығын тапқан кезде дене температурасы жоғары болған. Корея аурулардың алдын алу және бақылау агенттігінің дерегінше, сенбі күні алты адам болжам бойынша ыстықтан қайтыс болса, жексенбі күні 16:00-дегі жағдайы бойынша 73 адам ыстыққа байланысты сырқаттан зардап шеккен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар