Жаңалықтар
Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты
- авторjambylinfo.kz
- 1 тамыз, 2023
- 970
Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты
Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми матчтарда баспен соғылған гол саны жөнінен рекорд орнатты, деп хабарлайды Жамбылинфо Қазақпартқа сілтеме жасап.
Сhampionat.comсайтынан мәлім еткеніндей, португалиялық ойыншы клубтық араб чемпиондары кубогының топтық бәсекесінде «Монастирмен» өткен бәсекеде (4:1) гол соқты.
Осылайша, Роналду ресми ойындарда баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі еді. Испаниялық Карлос Сантильян (125) үшінші орында.
Роналду «Аль-Наср» командасында биылғы қаңтардан бері доп теуіп келеді. Келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда Криштиану 20 матчта 14 гол енгізіп, екі нәтижелі пас берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбылға келетін туристер саны артуда
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






