Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2024
- 101
Оңтүстік Кореяның Чолла-Намдо провинциясында орналасқан Муан әуежайында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат құстар соғылған шассидегі ақау салдарынан болған.
Бастапқыда 47, артынша 62 адамның тірі қалғаны туралы ақпарат тараған. Алайда соңғы деректерге сәйкес, тек 2 адамның аман қалғаны белгілі болды.
«Соңғы мәлімет бойынша, 179 адам қаза тапты. Бортта барлығы 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында 173 корей және 2 Тайланд азаматы болған. Кем дегенде екі адам аман қалды», делінген агенттік хабарламасында.
Апат таңғы сағат 9:07-де орын алды. Ұшақ ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, қоршауға соқтығысып, артынан өрт шыққан.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада үй қызметшісі 10 миллион теңгенің зергерлік әшекейлерін ұрлаған
- авторjambylinfo.kz
- 30 желтоқсан, 2024