Жаңалықтар
Оқушыны зорлады деп айыпталған мұғалім қамауға алынды
- авторjambylinfo.kz
- 20 қараша, 2024
- 1.3k
Бұл туралы Абай облысының Білім басқармасы хабарлады
Семейде 8-сынып оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жәбірленушінің анасының арызы бойынша қозғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Оқушы мектепте білімін жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Күдікті 2022 жылдан бері мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында 93 адам қауіпті ауруды жұқтырған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






