дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі ауруханада жатқан Н.Киікбаев мектебі балаларының жағдайымен танысты

Облыс әкімі ауруханада жатқан Н.Киікбаев мектебі балаларының жағдайымен танысты
ашық дереккөзі
Облыс әкімі ауруханада жатқан Н.Киікбаев мектебі балаларының жағдайымен танысты
Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Бұл мәселе бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелді. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды. Сағат 23.00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды. Жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ. Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітовтің" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүруде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар