Жаңалықтар
Полиция үйіне жібере салған: Жетісу облысында ауыл әкімі 12 жасар баланы көлігімен қағып өлтірді
- авторjambylinfo.kz
- 7 қараша, 2023
- 208
Полиция үйіне жібере салған: Жетісу облысында ауыл әкімі 12 жасар баланы көлігімен қағып өлтірді
Жетісу облысы Биғаш ауылында 39 жастағы әйел 12 жастағы баланы қағып мерт қылды. Оқиға 2 қараша күні кешкі 20:00 шамасында болған. Тексеру барысында Hyundai Creta автокөлігі Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі екені анықталды. Жалғызағаш ауылының 9-шы сынып оқушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Кербұлақ аудандық әкімдігі жол көлік оқиғасында ауыл әкімі болғанын растап отыр. Мемлекеттік қызметшіге тергеу амалдары аяқталып, сот үкімі шыққаннан кейін қандай шара қолданылатыны белгілі болмақ. Оған дейін ол өз қызметін жалғастыра береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз