сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қант қызылшасының жинау жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қант қызылшасының жинау жұмыстарымен танысты
Gov.kz
Ербол Қарашөкеев қант қызылшасының жинау барысымен танысу үшін Байзақ ауданына барды

Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмыстары қызу жүруде. Осы жылы 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егіліп, 600 мың тоннадан астам өнім алу жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 25 қазанда  тәтті түбірді жинау барысымен танысу үшін Байзақ ауданына барып, диқандардың мәселесімен танысты.

Аймақ басшысы «Зулуфов», «Чаушев», «Ветеран», «Адлер» шаруа қожалықтарына барып, жұмыс қарқынын бақылауға алды. Облыс әкімінің айтуынша мемлекеттік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, өзекті мәселелердің оң шешілуіне күш салынатынын жеткізді.

Байзақтық шаруа Таласбек Шертаев жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиеге қант қызылшасын жинайтын комбайн алғанын, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жинау жұмыстарына үлкен көмегін тигізіп отырғанын алға тартты.

Байзақ ауданында 67 шаруа 3 мың гектар жерге қант қызылшасын еккен.Соның ішінде 0,7 мың гектары жиналып, 52,9 мың тонна өнім алынды. Қазіргі таңда 50,6 мың тонна тәтті түбір қант зауыттарына жөнелтілді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егілді. 600 мың тоннадан астам өнім алу көзделген (орташа өнімділік 570 ц/га). Бүгінде 3,2 мың гектар жиналып, 229,3 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 711,4 ц/га).

Меркі ауданының қант зауыты 450 мың тонна шикізат қабылдап, қалған 100-150 мың тоннаға жуық өнім Ақсу қант зауытында қайта өңделеді. Облыс фермерлері Ақсу қант зауытына қызылшаны өткізуді бастады, бүгінгі таңда 18,1 мың тоннаға жуық өнім өткізілді. Қант зауытына Үкімет және жергілікті билік тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.

Қант зауытымен келісілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстары 10-шы қыркүйектен басталып, бүгінгі күнге 179,4 мың тонна өткізілді.

Тәуліктік қабылдау қуаттылығы қазан айының 10-нан бастап 4,5 мың тоннадан 5,9-6,0 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде. Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтелетін болады.

Меркі қант зауытына өткізілген өнімнің 6,8 мың тонна жергілікті бюджет есебінен (172 млн.теңге) субсидияланды.

Жалпы 600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд.теңге қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар