Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел құтқарылды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2024
- 355
Шымкент қаласында жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
№2 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінің дәрігерлері әйелге қатты қан кету және үшінші дәрежелі геморрагиялық шок деген диагноз қойды.
«Операция үстелінде науқастың жүрегі тоқтап қалды. Бірақ анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық бөлімше медбикелері және трансфузиологтардан тұратын дәрігерлер бригадасы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізе алды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін әйелге қан кетуді тоқтату үшін операция жасалды. Дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда.
й
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз