сенбі, 15 ақпан, 2025 15:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олжас Бектенов: «Халық жол сапасына наразы»

Олжас Бектенов: «Халық жол сапасына наразы»
Үкіметтің баспасөз қызметі
Тұрғындардың жолдардың сапасына наразылығы артты. Олжас Бектенов жергілікті жолдарды жақсарту қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Бүгін Олжас Бектеновтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Премьер-министр облыстық және аудандық жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржыны арттыруды тапсырды, соның ішінде республикалық бюджеттен де қаражат қарастырылған. Бірақ, кейбір өңірлерде, оның ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жергілікті бюджеттің қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.  Өткен жылы тұрғындардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты 40 мыңнан астам арыз түскен.

Өңірлерде құрылыс технологияларын сақтамау және жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтамау сынды мәселелер бар. Әкімдер бұл мәселелерге бақылауды күшейтуі керек. Сонымен қатар, Олжас Бектенов көлік ағынын басқару үшін заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажеттігін атап өтті.

Үкімет отырысында мәселені шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 

Бақытжан Бекболат

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар