Қордай ауданына 11,9 миллиард теңге инвестиция тартылған
- авторjambylinfo.kz
- 26 сәуір, 2024
- 352
Оның сөзінше, мемлекет тарапынан аудандық мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы, Ауқатты мен Қарасу ауылдарында спорт кешені, Қарасу мен Бетқайнарда Мәдениет үйі, Сұлутөр мен Аңырақайда медициналық нысандар берілгенін айтты. Сондай-ақ, Ноғайбай мен Қарасу ауылында 2 ауыз су құбырының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілген.
Бегзат Болатбеков жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылатынын, сонымен қатар аудан тұрғындарының пайдалануына жалпы 240 пәтер қолданысқа берілгенін айтты.
«Жер мәселесіне тоқталсақ, игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2023 жылы 15 000 гектар жоспарланып, 15 064 гектар мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Биыл облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы тарапынан аудан бойынша 6000 гектар бекітілген, қазіргі күнге 590 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы көлемі 140,3 миллион теңге бөлінген», – деді Бегзат Сейсенқұлұлы.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты екенін айтып, аймақтарды дамытуды тапсырған еді.
«Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды», деген еді Президент.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз