Жамбыл облысында буллингтің алдын алуға бағытталған ақпараттық жүйе жұмыс істейді
- авторjambylinfo.kz
- 24 сәуір, 2024
- 365
Бүгінгі таңда облыста 586 мектепке дейінгі ұйымдарда 62687 бала тәрбиеленіп жатыр. Ал, 506 орта білім беру ұйымдарында 248 мыңнан аса оқушы білім алуда. Облыс кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесін жаңа оқу жылынан бастап облыс мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
– Бала күнінің жартысын мектепте өткізеді. Ол қауіпсіз ортада жүр ме? Буллингке, яғни қандай да бір қысымға ұшырамады ма? Құқығы шектелмеді ме? Мектеп жасындағы бала «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі арқылы QR код қойып, қысым болып жатса, sms жібере алады. Сол sms бойынша, біз комиссия болып барып, зерделейміз. Сол факт бойынша нақты шешім қабылданады», – деді облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Дәурен Бағжанов.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен, киім-кешек, жазғы с ауықтырумен қамт амасыз етуге жалпыға міндетті білім беру қорынан 6,1 миллиард теңге бөлінген. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, барлық бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Оған облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген.
Жасөспірімдерге қатысты аталған мәселелердің алдын алу мақсатында бірінші тоқсанда облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 92 қолайсыз отбасы тіркелген. Сондай-ақ, қылмыс пен құқықбұзушылық жасаған 185 кәмелетке толмағандар полицияның есебіне алынған.
Айта кету керек, балалардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты бағытының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда әйелдердің құқықтарын қорғауға, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заңға қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында буллингке қарсы бағдарламалар әзірлеуді тапсырып, жалпы балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстау керек екенін айтқан еді.
«Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек», - деген еді Президент.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қордай ауданына 11,9 миллиард теңге инвестиция тартылған
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024