Бұл туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Central Asia Gold Production» ЖШС - құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешенінің құрылысы, «Бай Нұр» ЖШС - жылына 5,8 мың тонна қуаттылығымен (1500 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы, «Куленов» ШҚ - жылына 2,2 мың тонна қуаттылығымен (200 бас ІҚМ) сүт фермасының құрылысы және «Қалдыбай тегі» ШҚ - жылына 2,5 мың тонна қуаттылығымен көкеніс қоймасының құрылысы, «Gold Invest Capital» ЖШС - мыс өндіру зауытының құрылысы, «Insider group» ЖШС - жел электр қуатын өндіретін жел паркінің құрылысы жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі.
Оның сөзінше, ауданда жыл аяғына дейін «KORCEM» ЖШС-нің цемент зауыты пилоттық жобасы жұмысын бастайды. Бұл жоба индустриалды картадан тыс іске асып жатыр.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өндіріс саласын дамытуды тапсырған еді.
«Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек», - деген еді Мемлекет басшысы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024