жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында үш электр станциясы салынады

Жамбыл облысында үш электр станциясы салынады
ашық дереккөзден
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия кешені қарқынды дамып келе жатыр.

Соңғы үш жылдың ішінде бірқатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылған. Ал алдағы жылдары тағы үш электр станциясы салынбақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Дамир Тұңғатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 мегаваттық «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 мегаватты құрайтын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» жел электр станциясы жобасы іске асырылды. Биыл қаңтар айында Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт-ты құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталды. Облыста бұл сала бойынша үш ірі жоба қолға алынады. «Total Eren» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан қуаты 1 мегаватты құрайтын жел электр станциясы салынады, – деді Дамир Сейсенбекұлы.

Оның сөзінше, облыста дәл осы сала инвесторлардың назарына ілігіп келе жатқан көрінеді.

«Жаңартылатын энергия көздерінің нысандары облыста 2010 жылдан бері дамып келеді. Атап айтсақ, қуаты 2 мегаватты құрайтын 2 желі электр кешені нысандары пайдалануға берілсе, 2015 жылы қуаты 114 мегаватты құрайтын 9, 2021 жылы қуаты 387,8 мегаватты құрайтын 17, 2022 жылы қуаты 451,3 мегаватты құрайтын 21 нысан және осы жылы қуаты 551,3 мегаватты құрайтын 22 нысан іске қосылды. Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 551,3 мегаватты құрайтын 22 нысан жұмыс істейді. Оның 6-ауы су, 10-ы жел және 6-ауы күн электр станциялары», деді Тұңғатов.

Айта кету керек, Үкімет елдегі энерге­ти­­калық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақ­сатында Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жо­басы іске асырылмақ. Президент электр энергетикасы – ел экономикасының «тамырына қан жүгіртіп», тұрақты дамуға негіз болатын бірегей сала екенін айтып, өз Жолдауында кемінде 14 ГВт көлемінде қосымша қуат көздерін іске қосуды тапсырған еді. Мамандар бұл тапсырманы орындау үшін энергетика саласы тез дамуға тиіс екенін айтады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар