Қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2025
- 199

Мысалы, Қызылорда облысының көлдер жүйесін сақтауға 889 млн текше метр, Павлодар облысының Шідерті өзенінің сағаларына 87,5 млн текше метр, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдерінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін Нұра өзеніне 29,7 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының Елек өзеніне 90 млн текше метр су жіберілді. Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарынан 144 млн текше метр, ал Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалының нысандарынан 133 млн текше метр су жіберілді.
«Біздің министрлік 219 көлді суға толтыруды, 204,2 мың гектардан астам шабындық алқап пен 5,23 мың гектар орманды жерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл су көздеріне жақын орналасқан аудандардағы экологиялық жағдайды және сумен жабдықтауды жақсартады. Барлық іс-шараларды жүзеге асыру құрғақшылық қаупін азайтуға, жем-шөп алқаптарының сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылығы мен жергілікті экожүйенің тұрақты дамуына тиімді ықпал етеді», – деді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025