дүйсенбі, 29 желтоқсан, 2025 18:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысында сабақ үстінде балағат сөз айтқан оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Қостанай облысында сабақ үстінде балағат сөз айтқан оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Фото: pixabay.com
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай облысында сабақ үстінде бәйәдеп сөз айтқан оқушының анасына 19267 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лисаков қалалық сотында кәмелетке толмаған баланың ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша оның анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Лисаков қаласының тұрғынына кәмелетке толмаған ұлының мектеп ғимаратында сабақ үстінде балағат сөз айтып, айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуына, осылайша ұсақ бұзақылық жасауына жол берді деген айып тағылды.

Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді және баласымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін, оның мұғалімнен кешірім сұрағанын түсіндірді.

Облыстық сот мәліметінше, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабында Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігімен көзделген бұзақылықты немесе ұсақ бұзақылықты 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса, ата-аналар немесе оларды алмастыратын адамдар әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны және олардың заңды өкілдеріне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны көзделген.

Істің мән-жайын және әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, азаматша П. кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Айыппұлдың мөлшері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес 19 267 теңгеге дейін азайтылды.

 

 




 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар