Білім
Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталуға жақын
- авторМағжан Орынбасар
- 29 желтоқсан, 2025
- 198
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қаңтар ҰБТ-сына өтініш қабылдау ертең аяқталады. Осыдан кейін тестілеу пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Қаңтар ҰБТ-сына өтініш қабылдау 30 желтоқсан сағат 23:59–да аяқталатынын естеріңізге саламыз. Осыдан кейін тестілеу пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды. Бейіндік пәндер мен тестілеу тілін өзгерту Сіздің тестілеу күніңіз басталғанға дейін 24 сағат бұрын мүмкін болады. Өтініш беру кезінде өте мұқият болуыңызды сұраймыз, — деп ескертті ведомство.






